Жапонияда трансформер-автомобиль жасап шығарылды

Жапонияда трансформер-автомобиль жасап шығарылды

Жапанолиялық инженерлер екі адамдық автомобильге айналатын "J-deite RIDE" роботын жасап шығарды. Видеодан трансформация процесі көп уақыт алмайтынын көруге болады.

Аталған машина-робот "Asrates Corp" фирмасының инжернерлері тарапынан жасап шығарылды. Компания мамандары осы жоба негізінде 3 жыл зерттеу жүргізді, нәтижесінде 4 метрлі автомобиль-робот өмірге келді. Ол 1 минут ішінде 3,7 метрге тең роботқа айналады. Трансформация үдерісі салон ішінде адам болса да жүзеге аса береді.

Роботты жасаушылардың бірі – Кензи Исиданың айтуынша, олар анимациялардағы трансформер кейіпкерлерден шабыттанғаннан соң осы роботты жасауды ойлаған.

Трансформер автомобиль сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Машинаны қашықтықтан тұрып та басқаруға болады.

Т. Раушанұлы