Ата-ана әлеуметтік желіде қандай қателік жібереді?

Ата-ана әлеуметтік желіде қандай қателік жібереді?
Фото: babyblog.ru/

Ғаламторда шектеу жоқ. Жасы кішкентай баладан қарттарға дейін ғаламторды игілігіне жарата алады. Әсіресе, әлеуметтік желі барлық буын арасында кең танымал. Дегенмен, жасөсіпірімдер ата-анасымен әлеуметтік желіде дос болуды қолдай бермейді. Өйткені, балалардың ойынша ата-аналар байқаусызда әлеуметтік желіде қателік жібереді. 

«Three» британ компаниясы әлеуметтік желідегі ата-ана мен бала қарым-қатынасына зерттеу жүргізеді. Олардың ішінде 70% жасөспірім ешқашан ата-анаммен әлеуметтік желіде дос болмас едім деген пікір білдірсе, 30%-ы ата-анасын достар қатарынан өшіріп тастаған. 

Неге?
Біріншіден, бұл балаға ата-ана оны өз бақылауында ұстап отыр деген ой қалыптастырады. Олар өзін жасанды ұстай бастайды.
Екіншіден, ата-ананың әлеуметтік желідегі белсенділігі баланың бойына ыңғайсыздық тудырады. Өйткені, ата-ананың барлығы жастар мәдениетін түсіне бермейді, олардың сөйлесу стилі, өзара түсінетін әзілдері үлкендер үшін жұмбақ.

Әлеуметтік желіде ата-аналар жіберетін қателіктер рейтингі:
1. Балалардың 24%-ы ата-анасының отбасылық суреттерді салғанын ұнатпайды.
2. 21%-ы ата-анасының «біртүрлі» суреттерді салғанын жек көреді.
3. Жасөсіпірмдердің 10%-ы үшін мына жағдайлар ыңғайсыздық тудырады:
• Жастардың сленгін ата-ана орынсыз қолданса;
• Олардың парақшасында ата-анасы қалдырған түсініксіз пікірлер.
4. 9%-ын анасы не әкесі жазған пікірлер ұялтады.
5. 4% жасөспірім үшін мына жағдайлар ең қолайсызы:
• Олардың суреттеріне жазылған пікірлер;
• Олардың достарының суреттеріне пікір білдіру;
• Олардың достарымен хабар алмасуы.

Егер әлеуметтік желіге тіркеліп, балаңыздың парақшасын көзіңіз шалып қалса, оның ғаламтор кеңістігінде өзінің жеке өмірі бар екенін естен шығармаңыз.

Т. Есқали