Жаңа туған нәрестеге Xiaomi деп ат қойды

Жаңа туған нәрестеге Xiaomi деп ат қойды
Фото: mi-box.ru

Қазақ халқы – ертеден ырымшыл халық. Кез келген елеулі, қуанышты оқиға орын алса, «әрдайым осындай той болсын, қуаныш болсын» деп артын жақсыға балап, шыр етіп дүние есігін енді ашқан нәрестенің есімін сол қуанышпен байланыстырып жатамыз. Саммитхан, Бәйдібэкспо, Галбадрах, Дағдарыс, Азиада деп қойылған аттар осының дәлелі.

Алайда, ырымшыл халық тек қазақ емес екен. Индонезиялық Фрэди және Делима есімді ерлі зайыптылар өмірге келген жас сәбидің есімін телефон нарығындағы белгілі брендпен байланыстырып қойыпты. Қыз баланың есімі – Xiaomi. Ал, толық аты-жөні – Xiaomi Fradella Naufalyn.

Бұл жайлы Xiaomi компаниясының вице-президенті Wang Xiang өзінің твиттердегі жеке аккаунтында жариялаған.

А. Қажиев