Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жасуша құрылысын бақылайтын микроскоп

Жасуша құрылысын бақылайтын микроскоп

Жасуша құрылысын бақылайтын микроскоп

АҚШ-та орналасқан Гоуард Хьюз медицина институтының ғалымдары флюоресцентті микроскопияның жаңа деңгейіне жетті. Олар жасап шығарған микроскоп тірі организмдегі қозғалыстар мен үдерістерді жоғары сапада, үлкен анықтықтап көрсетеді. Микроскоп авторлары, ғалымдар Эрик БетцигШтефан Хелл және Уильям Мернер өз жаңалықтарымен алғаш "Science" журналында бөлісіп, тәжірибелерінің нәтижесімен бөліскен. Тәжірибе кезінде балық эмбрионының иммунды жасушасы алынып, бүкіл құрылысы көрінген.  

Флюоресцентті микроскопияның мүмкіндігі арқасында биологтар кез келген тірі ағзаның жасушасын сапалы кескінде бақылай алады. Бұл сала бойынша 2014 жылы жоғарыда аталған ғалымдар Нобель сыйлығын иеленген еді. Олар жасушаның үшөлшемді кескінін визуалды түрде көрсететін микроскопты жарыққа шығарған. 

Жақында ғалымдар жетілдірілген нұсқа AO-LLSM микроскобын жасап шығарды. Ол организмдегі динамикалық үдерістерді анық көрсетеді.

Технологтар айтуынша, микроскоптың көмегімен жасуша құрылысын жете зерттеуге мүмкіндік туады. Әдетте, жасуша құрылысын көру үшін мықты жарық сәулелерін қолдану керек. Оларды ағзаға бір уақытта түсіру жасушаны зақымдап, тіпті өлтіріп жіберуі мүмкін. Мұны ескерген ғалымдар адаптивті оптика негізінде латентті жарық микроскопиясын қолданған. Ол теріге түсетін зиянды сәулелер күшін тежейді.

Тәжірибеге данио балығы алыныпты, ғалымдар нәтижені көргенде айды аспанға шығарғандай қуанғандарын жасырмайды. Себебі, бұл жоба тек теориялық тұрғыда дайын тұрған, ал қазір оны іс жүзінде сынап көруге болады.

Микроскоптың ұзындығы 3 метрді құрайды екен. Зерттеушілер қазіргі уақытта оның көлемін кішірейтумен айналысуда.  

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: medicals-health.com
Қосылған күні: 25 сәуір 2018, 08:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.