Microsoft Google Chrome браузеріне арналған антивирус қосымша шығарды

Microsoft корпорациясы мамандары Google Chrome браузеріне арналған антивирус қосымша шығарды. Ол қауіпті сайттар мен алаяқтардың жалған хаттарынан қорғайтын болады.

Браузерге арналған антивирус-қосымша Windows Defender Browser Protection деп аталады. Плагин (бағдарламалық модуль – жұмыс жасау мүмкіндігін арттырады) ретінде жұмыс жасайды. Сіз егер қауіпті сайттар немесе сілтемелерді басатын болсаңыз, экран қызылға боялып, ескерту жасайды. Сондай-ақ қажет емес (вирусқа толы) бағдарламалардың орнатылып кетуінен, оларды жүктеп алудан қорғайды.

Windows Defender Browser Protection Google Chrome браузері қолданушыларын интернеттегі алаяқтықтың бір түрі болып саналатын фишингтен де қорғайды. Фишинг, бұл – интернетте қолданушының логині мен кілт сөзін бұзып, қауіпті немесе жарнама сілтемелерін тарату.

Айта кетейік, Google Chrome - Қазақстанда ең көп қолданылатын браузерлердің бірі.