Ақылды білезік

Ақылды білезік
Фото: lifehacker.ru

Америкалық ғалымдар әйелдерді ұрылардан, теріс ниеттілерден қорғайтын ерекше білезік ойлап шығарды.

“911 санын теріп ұялы телефоныңыздағы шұғыл ескерту тізімін пайдаланасыз. Мұндай көмекті пайдалану үшін әдетте бірнеше батырманы басасыз. Өз кезегінде ол көп уақыт алады. Оған дейін ұры қарап отырмайды. Сондықтан бұл тәсіл көп жағдайда пайдасыз”, – дейді зерттеу тобының жетекшісісі Рагиб Хасан.

Осындай қиындықтарды болдырмау үшін зерттеу тобы теріс ниеттілер шабуыл жасаған кезінде “Bluetooth” арқылы смартфонға жалғанған шұғыл ескерту қызметі бар ақылды білезікті жасап шығарды.

Құрылғы пайдаланушының тұрған орнын анықтап береді. Одан басқа білезік қатты дауыс шығарып, айналадағы адамдардың назарын өзіне аударады.

Сонымен бірге, өнертапқыштардың пікірінше, бұл түрдегі құрылғылар жедел жәрдемді қажет ететін аурулар мен мүгедектерге, қарттарға таптырмас көмек құралы. Білезік сізге ешқандай да кедергі, қиындық туғызбайды, қарапайым әшекей ретінде қолыңызға тағып жүресіз.

Т. Раушанұлы