Технология ғасырындағы адамның орны

Жақын онжылдықта біз қаласақ та, қаламасақ та әлем көптеген өзгеріске ұшырайды. Танымал эксперттер осындай пікірде, себебі көп жұмыс автоматтандырылған тізімдер мен роботтарға жүктеледі. Бұл даму жақсы, десек те адамның өзі ше? Жасанды санаға ие роботтар адамды жұмыссыз қалдырмайтынына кім кепіл? 

Сау болуға мәжбүрсіз
Жұмыс берушілер талабы бойынша қызметкерлер қолына арнайы таспалар тағып жүреді. Таспа-құрылғы әрбір қызметкердің денсаулығын бақылап отырады. Бұл адам денсаулығының қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған арнайы шара.

Робот-жазушылар
Қазіргі күнде шетелдегі ең ірі баспаларда спорт пен экономика жаңалықтарын адамдар емес дәстүрлі алгоритмдер жазып жатыр. 2018 жылғы бизнес-контенттің 20 пайызы машиналар тарапынан жазылған.

Машиналар экономикаға жұмыс істейді
2020 жылы эканомикалық транзакциялардың 5 пайызы адамның қатысуынсыз алгоритмдер жасап шығады.

Робот-бастық
Роботтар қызметкер болып қана қоймай, бастық та бола алады. Робот-бастықтар еңбек өнімділігі мен тапсырмаларды уақытында орындалуын бақылап отырады. Тіпті, талаптарға сай емес жұмысшыны жұмыстан босату құқығына да ие болады.

Ақылды үйлер кибершабуылшылар нысаны
Ақылды үй –  иесі үшін жайлы, бірақ оның кілті хакерлер қолына өтсе, үй иесі қуыршақ рөлін ойнауға мәжбүр болады. Киберқылмыскерлер адамдардың жеке мәліметтерін ұрлап, бопсалау, қаласа су-электрді өшіріп қою секілді істерді орындай алады. Сол үшін де ақылды үйлер қауіпсіздігі үстінде бірнеше мамандар бас қатырып жатыр.

Жеке виртуал хатшы
2020 жылда жеке вертуал хатшылар мобильдік операциялардың шамамен 40 пайызын өз міндеттеріне алады. Мамандар мұны бағдарламалау дәуірінің соңы деп те есептеп жатыр. Себебі пайдаланушылар әрбір өтінішті жіберіп отырмайды, керек нәрсені виртуал көмекшісінен біліп ала береді.