Қытай 35 зымыран ұшырмақ

Қытай 35 зымыран ұшырмақ
Фото: tehnot.com

Биыл Қытай ғылым және техника аэроғарыш корпорациясы 35 зымыран ұшыруды жоспарлап отыр. Осылайша аспан асты елі тарихта болмаған рекорд орнатпақ.

Қытайдың ғылым және техника аэроғарыш корпорациясы жұма күні "Чанчжэн-3Б" зымыран-тасығышымен бірге екі Beidou спутниктерін ұшырды.

2018 жылы CASC 35 зымыран ұшырып, адамзат тарихында болған рекорд орнатпақ. Ұйым басшылығы осы мақсатқа жету үшін қаржылай қиындықтарды өткеру үшін қолдан келгенді жасайтындарын мәлімдеді.

Қытай 2000 жылдан бері Азия мен Тынық мұхиты аумағын қамтитын ірі навигация жүйесін құрып келеді. 2012 жылдан бастап ол коммерциялық мақсатта қолданыла бастады. 2020 жылы жүйе толықтай жұмысын тоқтатады. Ал ол уақытқа дейін аталған ұйым 35 зымыран ұшырады.

2018 жыл Қытай үшін ғарыш саласында табысты болады деген болжам бар. Қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында ҚХР 18 навигациялық ғарыш аппаратын орбитаға шығармақ. Нәтижесінде Beidou жүйесі Жібек жолы экономикалық аймағының барлық бөлігін қамтиды.

 

Дереккөз: baq.kz

Т. Есқали