Facebook қолданушылары өз парақшаларын жаппай өшіріп жатыр

Facebook қолданушылары өз парақшаларын жаппай өшіріп жатыр
Фото: infobae.com

Facebook акциялары 5 күн ішінде 11 пайызға төмендеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл ақпарат Ұлыбританияның Кэмбридж Аналитика компаниясы әлеуметтік желі қолданушыларының деректерін заңсыз пайдаланады деп жарияланғаннан кейін пайда болды. Ұйымға деректерді АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды науқанында қолданды деген айып тағылып отыр. Батыс ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, компания 200-ден астам сайлауға араласқан.

Осы жанжалдан соң әлемдік флешмоб жарияланып, көпшілік Facebook-тен өз парақшаларын өшіріп жатыр. Олардың арасында тіпті америкалық кәсіпкер Илон Маск те бар. Ол осы әлеуметтік желідегі барлық аккаунтары мен SpaceX және Tesla компанияларының Facebook-тегі ресми парақшаларын бір күнде алып тастаған.

Біздің мақалаларды енді Телеграмдағы арнамыздан оқыңыз.

А. Қажиев