Excel қызметін тиімді қолдану үшін

Excel қызметін тиімді қолдану үшін
Фото: agile2008.org

Excel 2010 құжатын қолданысқа енгізген Microsoft бұл бағдарлама қызметін түрлі жаңартулар арқылы екі есе қиындатып жіберді. Кейбіреуі бірден көзге түсе қоймайды. Тәжірибелі қолданушы болсаңыз да, Excel қызметін түрлі жолмен жеңілдетуге болады. 

Бір батырма арқылы барлық ұяшықты белгілеу 
вввв
Барлық ұяшықты "Ctrl + A" батырмаларын қатар басу арқылы белгілеуге болады. Бірақ, одан да қарапайым жол бар: Excel парақшасының бұрышында орналасқан батырманы басып-ақ, барлық ұяшықты белілеуге болады. 

Бірнеше файлды бір уақытта ашу: 
ууу

Әр файлды жеке ашып отырғаннан гөрі, оларды бірге ашқан тиімді әрі уақыт үнемдейді. Ол үшін барлық файлды белгілеңіз де, "Enter" батырмасын басыңыз. 

Көрші файлдарға ауысу: 
Excel қызметінде бірнеше файл қатар ашық болса, келесі бетке (файлға) өту үшін "Ctrl + Tab" батырмасын басыңыз. 

Ақпаратты көшіру және алмастыру: 
ууу

Егер ақпаратты орнын алмастыру керек болса, алдымен оның белгілеңіз. Барлық мәлімет сыйғанша, тышқанның көмегімен шекараны анықтап алыңыз. Кейін сізге керекті орынға қарай жылжытыңыз. Ал, көшіру керек болса, осы әрекетті «Ctrl» батырмасын басу арқылы орындайсыз. 

Бос ұяшықтарды өшіру: 

ааа

Бос ұяшықтар керекті бағананы белгілеп, «Данные» қосымшасына өтіп, «Фильтр» қызметін таңдаңыз.

Іске сәт!

Т. Есқали