Құлаққап қалай пайда болды?

Құлаққап қалай пайда болды?
Фото: google.com

Ең алғашқы құлаққап 1958 жылы Джон Косстың ойлап табуымен жарыққа шықты.

Жапонияның ұлттық психологиялық институты мен Германияның Мюнстер университеті мамандарының айтуынша, құлаққаптың дауысын күшейтіп, оны ұзақ уақыт пайдалану кереңдікке шалдықтырады. Бірақ, денсаулығының осы бір ақауын адам өзі сезбей де қалады екен.

Алғашқы құлаққап әскери әуе техникасына, ұшқыштарға арналып жасалды. Ал, қарапайым халықтың қолданысы үшін SP-3 құралы жасалынды. Бұл жаңа аппарат жарыққа шығысымен, ізін ала жапониялық өнертапқыштар осы идеяны ары қарай дамытты. Коссаның құлаққабы үлкен және қолданысқа ыңғайсыздық туғызды. Осы бір кемшілікті көрген жапондықтар Косстың минусын өз пайдаларына плюске айналдырды. 1980 жылы дыбыс шығару сапасы және ыңғайлылығы көңілден шыққан құлаққап, сонымен қатар алғашқы ән тыңдауға арналған плеер әлемге бірнеше данамен тарап кетті. Осылайша, жыл өткен сайын құлаққап сапасы жақсара түсті. Нәтижесінде, тоқсаныншы жылдардың ортасында блютуз арқылы басқарылатын жаңа ән тыңдау құралы жарыққа шықты.

Қазіргі уақытта бұл құрылғының мыңнан астам түрі бар. Адамдар ұзақ сапарға шығарда, автобуста жол жүргенде, күнделікті көшеде жалғыз жүргенде өздерін құлаққапсыз елестете алмайды. Құлазыған көңілді бір сәт осы құрылғының көмегімен ән тыңдап, жаныңызды жадыратып алуға көп көмегін тигізеді. Бірақ, бұның зияны да барын естен шығармаңыз.

А. Қажиев