Смартфондардың PIN-кодын анықтайтын жүйе пайда болды

Смартфондардың PIN-кодын анықтайтын жүйе пайда болды
Фото: vk.com

Смартфондардың құпия сөздерін 84% дәлдікпен анықтай алатын нейрожүйе пайда болды.

Сингапурдағы Наньян технологиялық университетінің ғалымдары акселерометрден, гироскоптан, айналу сенсорынан, магнитометрден және жарық сенсорынан деректерді жинайтын Android құрылғыларға арнайы бағытталған бағдарлама жасап шығарды. Деректерді жинау үшін бұл жүйе құрылғының пайдаланушысынан рұқсат талап етпейді.

Зерттеу нәтижелері бойынша, нейрондық желі 20-дан астам әрекеттен кейін ПИН-кодтарды 83,7% дәлдікпен тануға қабілетті екендігі анықталды. Ал әлем бойынша ең жиі қолданылатын  5 құпия сөзді 99,5% ықтималдығымен аша алады.

А. Оралқызы