Facebook ең бақытты пайдаланушыларды анықтады

Facebook ең бақытты пайдаланушыларды анықтады
Фото: vk.com

Facebook әлеуметтік желісі өз тұтынушылары арасында бақытты және бақытсыз пайдаланушыларды анықтау мақсатында зерттеу жұмысын жүргізген. Бұл туралы компания өз блогында мәлімдеді.

Дэвид Джинсберг және Мойра Берк жүргізген зерттеу жұмысына Мичиган университетінің студенттері қатысты. Талап бойынша, пайдаланушылар екі топқа бөлінді. Олардың біріншісі Facebook әлеуметтік желісінен жаңалықтар оқыса, екінші топ уақытының басым бөлігін достарымен хат алмасумен өткізген. Нәтижесінде, әлеуметтік желілерде соңғы жаңалықтарды белсенді оқитын адамдар өздерін әлдеқайда нашар сезінетіні анықталды.

Зерттеушілер Facebook желісінің адам психикасына әсер етуі оны қалай қолданатынына тікелей байланысты деген қорытындыға келді.

Осы зерттеу нәтижесі бойынша әлеуметтік желілерде өзгелерге көп лүпіл басатындар психикалық бұзылулардан зардап шегетіндігі анықталған.

А. Оралқызы