Адамзат тарихындағы алғашқы sms хабарлама

Адамзат тарихындағы алғашқы sms хабарлама
Фото: vk.com

Адамзат тарихындағы алғашқы sms хабарлама осыдан ширек ғасыр бұрын жазылған екен.

Оны Short Message Service аталатын қысқа хабарламалар қызметін жасаушы топ мүшесі Нил Папворт жіберген. Ол кезде Нил бар болғаны 22 жасар еді. Хабарлама Vodafone  желісінің басшысы Ричард Джарвиске бағытталған. Бұл тарихи оқиға 1992 жылы 3 желтоқсанда орын алған. Нил Ричард мырзаға қандай мазмұнда хабарлама жазарын білмей, Рождество мерекесіне үш апта бар болса да: «Merry Christmas» -деп құттықтау хабарламасын қалдырады.

Осы оқиғадан бір жыл өткеннен кейін, Nokia компаниясы sms хабарлама жіберетін қызметі бар және оның келгенінен хабар беретін ескерту дыбысы бар телефон шығарады. Ал, әлем жұртшылығы бұл мүмкіндікке тек  1999 жылы ғана қол жеткізді. Яғни, алғашқы sms жіберілгеннен сәттен жеті жыл өткеннен кейін ғана.

Қазіргі таңда тек АҚШ территориясында ай сайын 781 миллиард sms хабарлама жіберілсе, әлем бойынша қанша екенін елестетудің өзі қиын.

А. Оралқызы