2017 жылдың ең үздік 10 гаджеті анықталды

2017 жылдың ең үздік 10 гаджеті анықталды
Фото: GameBack

Танымал "Time" журналы 2017 жылдың ең үздік 10 гаджетінің рейтингін жариялады. Бұл рейтингте бірінші орынға Жапонияның Nintendo компаниясы жасаған Switch ойын аппараты орналасқан.

Joy-Con геймпады мен экраны 6,2 дюймді планшеттен тұратын Switch ойын аппараты үйде де, жолда да ойнауға ыңғайлы болуымен ерекшеленген. Екінші орынға Apple компаниясының қыркүйек айында шыққан iPhone X смартфоны, үшінші орынға Microsoft Surface ноутбугы орналасқан.

Time журналы талаптары бойынша алғашқы ондыққа DJI Spark кіші квадрокоптері, Samsung Galaxy S8 смартфоны, Super Nintendo Entertainment System (SNES) Classic ойын аппараты, Amazon Echo аудиоколонкасы, Xbox One X ойын аппараты, Apple Watch 3 смарт-сағаты және Sony Alpha A7R III фотокамерасы енген. 

Ө. Сансызбай