Aibo робот ит пайда болды

Aibo робот ит пайда болды
Фото: vk.com

Sony компаниясы Aibo аталатын жаңа робот ит шығарды. Оны ойлап тапқан техника мамандары роботтың түрлі эмоциялар көрсете алатынын атап өтті.

Иттің денесі 22 түрлі ось бойынша қозғала алатындай етіп жасалған. Оған құйрығын бұлғаңдату, құлақтарын қозғалту сынды өзге де нағыз итке тән әрекеттер кіреді. Девайстың көздері екі OLED-панельден жасалған. Яғни, үй жануарының түрлі сезімін көзінен-ақ аңғаруға болады. Сондай-ақ, ит отбасы мүшелерінің сүйікті істерін есте сақтап, оларға ұнайтын қылықтарды көрсетуге дағдыланады.  

Жоғарыда аталған фунциялар робот жадында сақталып тұру үшін оны ай сайынға төлем арқылы қадағалап отыруға болады. Aibo екі сағат белсенді қозғала алады, кейін 3 сағат электр тоғымен қоректендіріледі.  

А. Оралқызы