Пластик ыдыстағы «5» саны нені білдіреді?

Пластик ыдыстағы «5» саны нені білдіреді?

Табиғат аясына шыққан сәтте сізді қолайсыз жағдайлардан сақтайтын пластик ыдыстарынан туатын қатер болуы әбден мүмкін. Пластик ыдыстарды таңдар сәтте абай болғаныңыз жөн. Қолданысқа жарамдылығын ұғыну үшін ыдыстағы белгілерді ажыра білуіңіз шарт.

фыв

«Шыны шанышқы» белгілі – ең маңызды маркерлердің бірі. Ол сіздің қолданғалы тұрған ыдысыңыз  азық-түлікке арналғандығынан хабар береді. Егер бұл белгі болмаса немесе үсті сызылған болса онда пластик ыдысыңыз тамақ салуға жарамсыз.

ячҮш бағдар арқылы жасалған үшбұрыш – ыдыстың қайта өнделуі мүмкіндігін көрсетеді. Үшбұрыштың бағыттары цикл жасақтайды: жасалуы → қолданысы → қайта өнделуі. Яғни, үшбұрышты белгі бар ыдысты көрсеңіз, оның қайта өнделетінін ұмытпаңыз.

Үшбұрыштың ішіндегі сандар қайта өнделген материалдың түрін көрсетеді:
1-19 – пластик, 20-39 –қағаз, 40-49 – металл, 50-59 – ағаш, 60-69 –мата, 70-79 – шыны

 as

1. PET или PETE — полиэтилентерефталат. Салқын шырындар мен су құюға арналған ыдысты жасауға қолданылады. 

2. HDPE (ПТҚ) — жоғары тығыздықтағы төмен қысымды полиэтилен. Оны тамақпен байланысты ыдыстарды, құрылғыларды жасауда әрі ойыншықтарды дайындауда қолданады.  Бұл – зиянсыз химиялық заттардың қатарына енеді.

3. PVC или ПВХ — поливинилхлорид. Құбырларға, бау-бақша жиһаздарына, еденге, терезе профиліне, жалюздерге, жуғыш зат бөтелкелеріне және кілемшелерге арналған құрылғылардың құрамынан табылады. Тамақ өнеркәсібінде қолданбайды. Өйткені, оның құрамында диоксин, бисфенол мен сынап әрі кадмий бар.

4. LDPE (ПЖҚ) —  тығыздығы төмен жоғары қысымды полиэтилен. Пластикалық қаптар және дәрілік заттарды орау  үшін рұқсат етілген өнімдерді өндіру үшін қолданылады.

5. PP - полипропилен. Көлік өнеркәсібінде қолданылады. Сонымен қатар, ойыншықтар жасауда септігі тиеді. Полипропилен жоғары температураға төзімді. Сол себептен, ыстық тамақтар мен сусындарға қолдануға болады.  

6. PS - полистирол (polystyrene). Оның қолданыс аясы кең: тамақ қаптамаларында, ыдыс-аяқ, CD қорапшаларда, қалам мен өзгеде заттардың өндірісінде кеңінен қолданылады. Ол температурасы жоғары зетпен байланыс түзгенді улы затқа айналады. Сондықтан, оны тек төмен температурада қолдануға болады. Полистирол арқылы асалған ыдыс ешқашан микротолқынды пеште тамақ жылыту үшін қолданылмауы тиіс.

7. OTHER немесе О – «басқа» деген мағынаны білдіреді. Бұған алдыңғы санатқа кірмейтін өзге химиялық заттар енеді.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл