Айфон жойған қызметтер

Айфон жойған қызметтер
Фото: lifehacker.ru

Осыдан он жыл бұрын алғашқы iPhone қолданысқа енді. Ол біздің күнделікті өмірімізге түрлі өзгеріс алып келді. Таптаурын әдеттеріміздің барлығы жаңа әдеттермен алмасты.

1. Карта мен жолсілтеме нұсқаулықтар
Бұрында адамдар үлкен қағаз карталар мен жол сілтейтін нұсқаулықтардың көмегіне сүйенетін. Қазір оның барлығы керек емес. iPhone  смартфондарында «Карта» қызмет жүйесі қондырылған. App Store интернет дүкенінен жол сілтейтін түрлі бағдарламаларды жүктеп алуға болады.

2. Таксофондар
Таксофондар арнайы үйшіктерде, мекемелерде ілініп тұратын. Оларға ұсақ тиын салып, кейін карточка көмегімен іске қосуға болатын еді. Жедел жәрдем, полиция мен өрт сөндірушілерге тегін хабарласауға мүмкіндік бар болатын. Қазір де таксофон бар. Бірақ қолыңызда ұялы телефон барда, оның қажеті шамалы.

3. Сандық (цифровой) фотоаппараттар
Сандық фотоаппараттар осыдан он жыл бұрын сәнде еді. Кейін қолданысқа iPhone енді де, бұл құрылғыларды ұмытуға тура келді. Әрине, кәсіби фотографтар жүйелік әрі айналы фотоаппарат көмегіне сүйенді. Бірақ қарапайым халық үшін смартфон тиімді.

4. Магнитофон
Аулада кеш өткізу үшін магнитофон таптырмас құрылғы еді. Мысалы, «Электроника-302» және National RQ-185S. Бүгін музыка тыңдау үшін магнитофонның керегі шамалы. Онымен бірге кассеталар, CD-, MP3-плеерлер мен iPod қолданыстан шығып қалды.

5. ТВ: ауа-райы
Бұрын адамдар кешкісін ертеңгі ауа-райын білу үшін арнайы уақытты күтетін. Таңертеңгі уақытта да ауа-райын тағы бір тексеріп шығу үшін, теледидар көмегіне сүйенетін. Бүгін ауа-райын білу үшін теледидардың керегі жоқ.

6. Қалам
Осыдан он жыл бұрын әр адамның қалтасында өзімен бірге міндетті түрде қалам жүретін. Өйткені, кез келген уақытта мекенжай мен телефон жазуға керек болатын. Ал, қазір смартфоныңыздағы «ескертпелер» (заметки) бағдарламасын аша салсаңыз жеткілікті.

7. Газет
Егер осыдан он жыл бұрын көп адамның қолынан газет көрген болсаңыз, қазір жаңалықтар үшін смартфоныңыз болса жеткілікті.

8. Телефон нөмірі жазылған кітапша
Қазір бұл кітапты смартфондағы «Байланыс» (Контакты) бағдрламасы алмастырған. Тек өзіңіздің ұялы телефоныңызды білсеңіз болды. Қалғаны смартфоныңыздың жадында сақталады.

9. Пейджерлер
Алғашқы мессенджер десек артық болмас. Пейджер көмегі арқылы дыбыстық хабарламалар мен жазба қалдыруға болатын еді. Қазір смартфон көмегімен бұл әрекетті бірнеше адамға қолдана аласыз. Керемет емес пе?

10. Автожауаптар
Маңызды қоңырауды жіберіп алмау үшін адамдар автожауапты қолданатын. Егер сіз бос болмасаңыз немесе үйде болмаған сәтіңізде бұл құрылғы дыбыстық хабарламаны жазып алатын. Бүгін бұл құрылғының қызметі iPhone-ның мың қызметінің біріне айналды.

Сіздің өміріңізде смартфондар қолданысқа енген сәттен бастап не өзгерді?

Т. Есқали