Жасанды интеллект бетпердемен жасырынған адам келбетін анықтай алады

Жасанды интеллект бетпердемен жасырынған адам келбетін анықтай алады
Фото: vk.com

Үндістан мен Ұлыбритания ғалымдары жасанды интеллектіге орамал, қалпақ, фуражка немесе өзге де бас киім түрлерімен жабылған адам келбетін анықтау алгоритімін енгізген.  

Алгоритм барлық жағдайдың 67 пайызында жүзеге асырылады. Жүйе адамның бет-бейнесінің 14 бөлігін зерделеу арқылы анықтайды. Бұл принцип бойынша нысанның көздері, мұрны, қасы мен ернінің формасын сызып, бет пішінін автоматты түрде енгізеді.

Бұл алгоритм, ең алдымен, аса қауіпті қылмыскерлерді анықтау мақсатында жасалған. Бірақ, жүйе өзге де мақсаттарда қолданылуы мүмкін деген қауіп бар. 

А. Оралқызы