Ноутбук ұзақ қызмет етсін десеңіз...

Ноутбук ұзақ қызмет етсін десеңіз...
Фото: massaget.kz

Ноутбук жұмыс жасайтындар мен студенттер үшін таптырмас құрылғыға айналды. Олар көп ісін ноутбук арқылы бітіреді. Бірақ, кейде бұл құрылғы ұзаққа шыдамай, тез істен шығып жатады. Оның себебі неде?

Әрине, өзге техника секілді ноутбуктерге де күтім керек. Егер құрылғыңыз ұзақ қызмет етсін десеңіз мына әдістерді қолданыңыз.

1. Температураны бірқалыпты ұстаңыз.

Алдыңызға алып немесе көрпешенің үстіне қойып пайдаланған кезде ноутбуктің қызып кететінін байқаған боларсыз. Өйткені, олар желдеткішті бітеп тастайды.

Сонымен қатар, суық даладан өзіңізбен бірге алып кірген ноутбукті бірден іске қоспаңыз. Жарты сағат жылынуға мүмкіндік беріңіз.

2. Ноутбук жанында тамақ ішпеңіз.

Онда не тұрған не бар? Бірақ, төгілген сусыныңыз пернелердің арасына лезде сіңіп кетеді. Есесіне пернетақта істен шығады.

Егер сусынды төгіп алсаңыз, құрылғыңызды дереу өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз. Сонымен қатар, сұйықтық  жүйелік тақтаға өтіп кетіп, зиянын тигізбей тұрғанда жөндеу орталығына апарыңыз.

3. Ноутбукті тазалауды естен шығамаңыз.

Пернетақталар шаңға құмар. Тазалау үшін, ноутбукті өшіріңіз. Оны төмен қаратыңыз да, бір-екі рет сілкіп алыңыз. Қалған жұмысты шаңсорғышқа тапсырыңыз. Кейін ылғалды шүберекпен пернелерді сүртіп алыңыз.   

Экранға жұмсақ дымқыл шүберекті қолданыңыз. Тазалауға арналған арнайы құрылғыны да қолдануға болады (дистелденген су мен сірке суының 50/50 қосылысы).

Бәрінен бұрын мақта шүберекті қолданғаныңыз жөн.

4. Соққылардан қашыңыз.

Кенеттен болған соққылар ноутбуктың берік дискісіне зардабын тигізеді. Ноутбукты арнайы сөмке арқылы тасымалдаңыз.

6. Антивирусты қолдануды ұмытпаңыз.

Ноутбук ғаламторсыз құндылығын жоғалтады. Ал, ғаламтор арқылы бірнеше вирусты қалай құйып алғаныңызды аңғармай қаласыз. Вирусқа толы ноутбук жүйесі ұзақ "ойланып", әбігерге салады. Тек жүйеге ғана емес, сіздің жеке құжаттарыңызға да зиянын тигізетін вирустармен күресудің жолы – антивирус жүктеп алу.

Құрылғыңызға сіз қалай қарасаңыз, сізге ол солай қызмет етеді. Ақшаңызды желге ұшырып алмаңыз!

Т. Есқали