Microsoft енді Paint графикалық редакторын шығармайтын болды

Microsoft енді Paint графикалық редакторын шығармайтын болды
Фото: vk.com

Өйткені, Paint графикалық редакторы «ескірген» бағдарламалар тізіміне енген. Бұл осы тізімге енген бағдарламалар алдағы уақытта Microsoft өнімдерінде болмайтынын білдіреді.

Бұларға қоса Windows-тан Outlook Express пошта клиенті және мәтіндермен жұмыс жасауға арналған Reader app қосымшасы алынып тасталады. 

Естеріңізге сала кетейік, Paint бағдарламасы 1985 жылы Windows 1.0. алғашқы жобасымен бірге шыққан еді. 2017 жылдың көктем мезгілінде Microsoft компаниясы Windows 10 Fall Creators Update операциялық жүйесін жаңарған Paint 3D бағдарламасымен шығарды.

А. Оралқызы