Жаңа щетка тіс тазалауға жұмсалатын 108 күнді үнемдейді

Жаңа щетка тіс тазалауға жұмсалатын 108 күнді үнемдейді
Фото: vk.com

Amabrush — тісті автоматты түрде 10 секундта тазалайтын жаңа инновациялық щетка.

Щетка Bluetooth арқылы жұмыс жасайды, оны басқару үшін телефонға арнайы қосымша жүктеп алу керек. Тұтынушы оған ұсынылатын 3 режимді вибрацияның бірін таңдай алады (массаж, ағарту немесе жылдамдық арттыру), тіс тазалау уақытын ұзарту немесе қысқарту, сонымен бірге құрылғының бөлшектеріне тапсырыс беруге де болады.

Жаңа щетканы ойлап тапқандардың айтуынша, ол адам бар өмірінде тіс тазалауға жұмсайтын уақыттың 108 күнін үнемдеуге көмектеседі.

Жалпы, девайс гипоаллергенді және антибактерицидті силиконнан жасалған. Бұл материал медицина саласында белгілі бактерияларды 99,99% жояды. Оның үстіне, силикон иілгіш болғандықтан, ауызға салуға ыңғайлы қалыпқа ене алады.

Amabrush комплектісінде ауыстыратын пасталы капсулалар бірге ұсынылады. 

А. Оралқызы