7 минуттық жаттығу бағдарламасын ұсынатын 3 қосымша

7 минуттық жаттығу бағдарламасын ұсынатын 3 қосымша
Фото: vk.com

Қазіргі уақытта жұмысбастылар үшін спортпен шұғылдануға 20 минут табудың өзі оңай емес. Спортың қаншалықты пайдалы екенін біле тұра, соны құнттамай, түрлі сылтау тауып жүріп алатынымыз бар. Жаттығу залына жетудің өзін мәселе санап, физикалық форманы қалпына келтіруді кейінге қалдыра береміз. Ал, оған шын мәнісінде ешқандай арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Ниет болса, болғаны.

Спортпен үйден шұғылдануға таптырмас құрал болатын қосымшалар қатарынан өзініңізге жақынын таңдап, қазір-ақ бастап кетіңіз.

Австралиялық Кайла Итсинес есімді фитнес-блогер спортпен өзгелерден ерекше шұғылданады. Олай дейтін себебіміз, Кайла дененің белгілі бір мүшесіне ғана акцент жасамай, кешенді жаттығу жасауға дағдыланған. Ол кардио мен стретчингтен бастап, боксқа дейінгі спорт түрінің барлығымен айналысады. Оның Sweat Summer Sweat Series қосымшасы күн сайын 7 минут ғана уақытты алатын жаттығу бағдарламасын ұсынады.

7 Minute Workout қосымшасын создано Johnson & Johnson физиология институтының спорт бөлімінің директоры Крис Джордон жасап шығарған. Джордонның сөзіне сенетін болсақ, спортпен аз уақыт ішінде қарқынды айналысудың нәтижесі жаттығуды ұзақ уақыт бойы байыпты жасауға қарағанда тез байқалады екен. Қосымшада 72 негізгі және 22 қосымша жаттығу түрі бар.

Seven қосымшасы алдыңғы екеуіне қарағанда өзгеше жасалған. Бұл құралда жаттығуларды сурет-жаттықтырушылар көрсетеді. Сіздің міндетіңіз соны қайталау ғана.

Ал, іске сәт!

А. Оралқызы