Цукерберг виртуалды әлемді іске қосты

Цукерберг виртуалды әлемді іске қосты
Фото: vk.com

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, бизнесмен Марк Цукерберг өз парақшасында жаңа Facebook кеңістіктері (Facebook Spaces) пайда болғанын хабарлады.

“Біз facebook кеңістіктерін іске қостық. Бұл – әлеуметтік шынайы әлем.
Сен осы жаңа әлемге телепортация жасап, өз достарыңмен бірге көңіл көтере аласың.

Видео жарнамаға түскен актерлерге Facebook кеңістіктерінің ұнағаны сонша, олар түсірілімнен кейін алаңда қалып көңіл көтеруді, одан әрі жалғастыруды өтінді” - деп жазды әлемді аузына қаратқан өнертапқыш. Сіздің пікіріңіз қандай, құрметті оқырман?

А. Оралқызы