Күн энергиясымен жұмыс істейтін зауыт

Күн энергиясымен жұмыс істейтін зауыт
Фото: tesla.com

Tesla компаниясы салынып жатқан Gigafactory зауытының суреттерімен бөлісті. Күні кеше құрылысы басталған зауыт бүгінде жоспардың біраз бөлігін орындап үлгерген. 456 мың шаршы шақырым аймақты қамтитын бұл зауытта 6 мың адам қызмет ететін болады. 

Зауыт өндіріске қажетті электр энергиясын өзі өндіретін арнайы күн батареяларымен жабдықталған. Қосымша панельдер зауыттың шатырының барлық бөлігіне  орналастырылды. Күн шатырының қуаты 70 МВт.

Сонымен қоса, зауыт суды да өзі тазартып, қажетті су қорымен  толықтай қамтамасыз етіп отырмақ. Бұл үшін зауытты арнайы тұйық аймаққа  салған, сол арқылы суды 6 деңгейлі тазарту арқылы ала отырып, 80 пайызға дейін тұщы суды үнемдеуге мүмкіндік туып отыр. Болашақта электр энергиясын  үнемдеу мақсатында климатты реттеп отыратын арнайы құрылғыны да орналастыру жоспарда бар.

Компания өкілдері зауытты 2020 жылы толықтай іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жерде Tesla электромобильдеріне арналған батареялар мен Powerwall аккумуляторлары жасалатын болады.

Дерек көзі: The Qazaq Times 

B. ZHAQSYMBET