«Word» бағдарламасында жұмыс істеудің 14 құпиясы

«Word» бағдарламасында жұмыс істеудің 14 құпиясы
Фото: ariteta.by

Бүгінгідей техниканың дамыған заманында көпшілігіміз компьютермен жұмыс істейміз. Әсіресе, журналистер қауымы «word» бағдарламасын жиі қолданады. Осы бағдарламада тез әрі жинақы жұмыс істеудің өзіндік құпиялары бар. Оны білу үшін, төмендегі құпияларды оқып көріңіз. Бәлкім, сізге бір көмегі тиіп қалар.

1. Shift+Alt+D батырмаларын бірге бассаңыз, бүгінгі күн қойылады. Күн Ж.А.К. (жыл, ай, күн) форматында қойылады. Осылайша Shift+Alt+Т батырмалары арқылы сағатты да қоюға болады.

2. Кейде тек клавиатураға қарап тергенде, CAPS LOCK басылып қалуы мүмкін. Сосын бүкіл мәтінді қайта жазуға тура келеді. Алайда мәтінді бір-ақ белгілеп алып, Shift+F3-ті бассаңыз, үлкен әріптер кішіге ауысады.

3. Курсорды тездету

Әдетте, курсорды бағыттама (стрелка) арқылы жылжытқанда әрбір әріп арасынан жылжиды. Ctrl батырмасын қоса баса отырып курсорды тезірек жүргізуге болады.

4. Мәтіннің әрбір жерінен белгілеп алу керек болғанда, Ctrl-ды басып отырыңыз.

5. Тасымалдауды қосу арқылы мәтіннің оқылуын жақсартасыз, әрі ұзақ бос интервалдардан құтыласыз. Оны өзіңіз қойсаңыз да, компьютерге сеніп тапсырсаңыз да болады. Беттерді белгілеу («Разметка страницы») – Тасымалдауды ұйымдастыру («Расстановка переносов») командасын орындасаңыз болды.

6. Соңғы команданы қайталайтын ең пайдалы функция бар. F4-ті бассаңыз «Word» сіз жасаған соңғы команданы өздігінен қайталайды. Бұлар мәтінді белгілеу, бірнеше жолды өшіріп тастау, стильдер қолдану сияқты командалар болуы мүмкін.

7. Сөзге екпін қою тіпті оңай. Ол үшін курсорды екпін қойылуы тиіс әріптен кейін қойып, Alt+769 комбинациясын басыңыз. Цифрларды оң жақтағы цифрлар клавитурасынан басу керек.

8. Жоғарғы жақтағы лентаны оңай реттеуге болады. Ол үшін «файл» – пареметрлер («параметры») – лентаны баптау («настройть ленту») мәзіріне өтіңіз. Бұл жерден бұрын болмаған функцияларды қосып, керек емесін өшіруге болады. Сонымен бірге, сіз өзіңіздің функцияларыңыз бар қосымша беттерді қосып-өшіре аласыз.

9. Көп мәтінді бірден белгілеу үшін курсорды ең басына апарыңыз да, Shift-ті басып отырып тышқанмен соңына дейін жүргізіңіз. Бірнеше бетті көшіргенде, бұл әдіс уақытыңызды да үнемдейді, жүйкеңізді де жұқартпайды.

10. Құжат ішінде тезірек бағыт ауыстырудың бірнеше әдістері бар:

Ctrl+ Alt + Page Down – келесі бет
Ctrl+ Alt + Page Up – алдыңғы бет
Ctrl+Home – құжаттың ең басына апару
Ctrl+End – ең соңына апару

11. Ctrl+Enter келесі жаңа бетті ашу үшін қолданылады.

12. «Word» жасалып жатқан құжатты өздігінен құжаттар («документы») папкасына сақтайды. Мұны өзгерткіңіз келсе, «файл» – параметрлер («параметры») – сақтау («сохранение») мәзіріне жүгініңіз. Әдепкі қалып бойынша жергілікті файлдардың орналасқан жері («Расположение локальных файлов по умолчанию») деген жолдан өзіңізге керек папканы белгілгілеп, тағы да құжаттың форматын, автосақтау (автосохранение) сияқты функцияларды өзгерте аласыз.

13. Бастапқы пішімдеу (Исходное форматирование) мәтінін қайтару үшін Ctrl + Spacebar комбинациясын басыңыз.

14. Құжатқа құпиясөз орнатқыңыз келсе, «файл» – құжатты қорғау («защита документа») мәзіріне өтіп, өз құпиясөзіңізді еркін орната беріңіз. Бірақ оны ұмытып қалған жағдайда, қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес екенін ұмытпаңыз! 

Ж. Жұмағұлов