Мөлдір телефон үлгісі жарыққа шықты

Мөлдір телефон үлгісі жарыққа шықты
Фото: osp.ru

"Polytron Technologies" Тайван компаниясы таңғажайып дүние жасап шығарды. Мөлдір смартфонды енді армандап қана қоймай, қолыңызбен ұстап көруге де мүмкіндік туғызып отыр. Аталған құрылғының бейнекамерасы, монтаждық платасы және SIM карта салынатын бөлігі қалыпты жағдайда қалған. Ал, техникалық жүйелері мен қандай ОЖ арқылы жұмыс жасайтынын Polytron компаниясы жұмбақ күйінде қалдырды.

Аты айтып тұрғандай негізінен "Polytron" компаниясы дизайнерлік әйнектер, электронды құрылғылар жасаумен айналысады. Егер жасалып жатқан технологияның прототипі шынында керемет екенін дәлелдейтін болса, ғаламға тағы бір тың дүние енгізуі мүмкін.

B. ZHAQSYMBET