"Apple" корпорациясы кітап шығара бастады

"Apple" корпорациясы кітап шығара бастады
Фото: easywpguide.com

Бүгінгі таңда "Apple" корпорациясы техника жасау жағынан жетекші болып келе жатқаны белгілі. Оның әрбір жаңа дүниесіне жұрт қызыға қарап, алғашқылардың қатарында болып тұтынуды көздейді. Нәтижелі жұмыстың арқасында әлемді аузына қаратып отырған корпорация енді өздерінің электронды кітаптарын шығаруды қолға алған екен. Designed by Apple in California (Калифорнияда жасалған) деген жаңа дүниенің бастапқы құны 300 АҚШ долларымен шығады. 

Кітаптың ішінде Эндрю Цукерман 20 жыл ішінде өзге компаниялар және Аpple шығарған компьютер, смартфон сынды таңғажайып дүниелерінен тұратын 450-ге жуық фото бар. Шығарушы мамандардың сөзіне сүйенсек, жаңа жоба негізінен студенттерге арналған. Кітап 16 қарашадан бастап сатылымға шықты. 

B. ZHAQSYMBET