Болашақ: штатив орнына – тауық (видео)

Болашақ: штатив орнына – тауық (видео)
Фото: youtube.com

Шетелдік ғалымдар бейнежазба түсірген кезде тауықтың басы тұрақтылықты (стабилизатор) қамтамасыз ететін ең мықты құрал болатынын дәлелдеді. Үй құсының барлық денесі қозғалыста болғанымен, басы бір орында тұрады екен. Арнайы бас киім тігіп, оған бейнекамераны орнатып, әуеден парашютпен секірсе де, қайықпен су бетінде жүзсе де, мотоциклмен жылдамдықты барынша асырып жүргізсе де соңында көрген бейнелердің тұнық шыққанын байқаған мамандар таңданыстарын жасырмаған. Аталған бейнероликті көрген көрермендердің басым бөлігі ашылған жаңалыққа емес, тауықтың әлемнің ең керемет жерлерінде жүргеніне таңданды. Сонымен тауықтың жұмыртқа табудан басқа жаңа технологияға да қосар үлесі бар екен. Толығырақ бейнежазбадан көріңіздер. 

B. ZHAQSYMBET