Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп ашылады

Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп ашылады
Фото: pbs.twimg.com

Қытайда көлемі 30 футбол алаңына теңесетін әлемдегі ең үлкен телескоп қыркүйектің аяғында ашылады деп жоспарлануда.

Радиотелескоп құрылысы 2011 жылы наурызда басталған. Ол 1,2 миллиард юаньға түсті. Құрылыс диаметрі 500 метрді құраса, ал жалпы алаңы шамамен 250 мың шаршы метрге теңеседі.

Басылым телескоп маңына құрылыс жүргізуге, ағаштар жинауға тыйым салынатынын хабарлады, 25 қыркүйектен бастап заңнамалық шектеулер күшіне енеді.

Сондай-ақ провинция билігі өтемақы төлеумен 9 мыңнан астам жергілікті тұрғындарды орналастырады. Олардың әрқайсысына 12 мың юань  (1,838 мың долларға жуық) төленеді.

Еске салсақ, бұл уақытқа дейін әлемдегі ең ірі телескоп Пуэтро-Рикода болды, оның диаметрі - 300 метр.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы