Жаңа iPhone 7 қандай болады?

Жаңа iPhone 7 қандай болады?
Фото: funkpost.com

Apple компаниясы қыркүйекте iPhone-ның жаңа үлгісін таныстырады. Жаңа құрылғының ерекшелігі — Plus нұсқасындағы қосарлы камера жүйесі, жаңаланған «үй» түймесі, сондай-ақ құлаққап қосу үшін арнайы ұяшықтың алынып тастауы. 

Аталған өзгерістерге қарамастан жаңа iPhone-ның сыртқы дизайны осыған дейінгі үлгілеріне ұқсас болады. Bloomberg сілтеме жасаған дереккөздің айтуынша, қосарлы камера жүйесі бір уақытта екі сурет түсіріп, ол кадрларды біріктіру арқылы жоғары сападағы фотолар ұсынатын болады. Жаңа үлгінің қолданушыларына «үй» түймесі функциясының кеңейтілуіне байланысты смартфонды басқару да тиімді болады. Бұл түйме барынша сезімтал болып, басқанда дірілмен жауап береді. Жаңа гаджетке құлаққап Bluetooth арқылы немесе қуаттағыштың ұяшығы арқылы қосылады. Осыған дейін құлаққап салынатын орын екінші динамикке арналады деп түсіндірді дереккөз.

Жаңа Аpple смартфоны iOS 10 операциялық жүйесінде жұмыс істейді, жаңа құрылғыда «ақылды тұрмыстық техникамен» басқару деген виджет те пайда болады. Дереккөздің сөзінше, iOS 10 операциялық жүйесін iPhone-ның кейбір моделдеріне де орнатуға болады, бірақ нақты қандай екені белгісіз.

Американдық Apple корпорациясы 1976 жылы пайда болған, негізін қалаушылар — Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн. ІPhone-ның соңғы үлгілері iPhone 6s және iPhone 6s Plus 2015 жылдың қыркүйегінде таныстырылған еді.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Е. Жұмабайұлы