Қытайлықтар ғарышқа ұшырылатын ұшақ жасауда

Қытайлықтар ғарышқа ұшырылатын ұшақ жасауда
Фото: pix.avaxnews.com

Өзінің көптеген ғарыштық бағдарламаларымен танымал Қытай Халық Республикасы ғарыш кеңістігіне ұшатын ұшақ жасауға бекініп отыр. Мұндай ақпаратты Қытайдың орталық телеарнасы таратты.
 
Жоба жетекшілерінің айтуынша China Aerospace Science and Technology Corporation корпорациясында жасалып жатқан ғарыштық ұшақ әдеттегі ұшақ пен тасымалдағыш ракетаның функцияларын үйлестірмек. Аппарат азаматтық әуежайлардан ұшып, жер орбитасына бара алатын болады.
 
Жаңа атмосфералық-ғарыштық ұшу аппаратының негізгі ерекшелігі туристерді орбитаға апару жұмысын автоматты режимде орындай алатындығында болып отыр.
 
Қытайлық инженерлер ғарыш кемесінің функционалды прототипін он жыл ішінде жасап шығаруды жоспарлап отыр. Ал тұрақты ұшырылымдар 2030 жылы басталады.

Дереккөз: reactor.inform.kz
 

Е. Жұмабайұлы