"Жұлдызды жол" фильмінің шындыққа айналған техникалары

"Жұлдызды жол" фильмінің шындыққа айналған техникалары
Фото: wallpaper.zone

«Жұлдыздар жолы» фильмінің алғашқы бөліміне – биыл тура 50 жыл. Кешеден бастап еліміздің барлық кинотеатрында он үшінші франшиза көрсетіле бастады. Болашақ туралы түсірілген фильмнің кей бөлшектері қазірдің өзінде шындыққа айналып үлгерген.

GPS-навигация 

1Фильм кейіпкерлері GPS-навигациясыз мақсаттарына жетпес еді. Себебір бір жерден екінші жерге дейін оғай қатынас үшін телепортация әдісін қолданатын. Ал ол жерде белгілеу үшін GPS-навигация керек. Фильмнен кейін 1993 жылы орбитаға Жер бетінің нүктелерін басқаратын спутниктік жүйе енгізілді. Қазірдің өзінде GPS-навигаторсыз бір жерден екінші жерге дейін бару мүмкін емес. 

Ашылып-жабылатын телефон 

Капитан Джеймс Кирк фильмнің алғашқы бөлімдерінде экипаж мүшелерімен байланыста болу үшін және апаттық жағдайды ескерту үшін коммуникатор қолданған. Коммуникатор түр жағынан да, қызметі жағынан да ашылып-жабылатын телефонға ұсқайды. Демек, 50 жыл бұрын болжанған коммуникатор бүгін шындыққа айналып отыр. 

Ақылды сағат 

Жоғарыда аталған коммуникатордың екінші бір түрі бүгінгінің ақылды сағаттарына өте ұқсайды. Фильм кейіпкерлері қолданған байланыс құралы қазір әмбебап сағатқа айналды. 

Бионикалық көз 

Фильмде USS Enterprise ғарыш кемесінің бас инженері Джорди Ла Форж туғаннан зағип болатын, сол үшін жанардың қызметін атқаратын көру аппаратын тақты. Сырт тұлғасы күннен қорғайтын көзілдірікке ұқсайтын аппарат айналаны электромагниттік сигнал арқылы көреді. Бұл аппарат 2015 жылы адам көзіне алғаш рет орнатылды. 80 жастағы Рэй Флинн бионикалық көзден кейін көзі ашылды. 

Планшет 

Personal Access Display Device (PADD) деп аталатын құрылғы фильмнің алғашқы бөлімдерінде-ақ есеп бергенде, құжат өткізгенде қолданылған болатын. Фильмде болашақ Pad алғаш көрсетілсе де, Стив Джобс алғашқы болып таныстырған еді. 

Видеоқоңырау 

Капитан кирк пен оның командасы маңызды тұлғалармен, достарымен, жауларымен, тіпті Авраам Линкольнмен сөйлесу үшін видеоқоңырауларды үлкен экранмен өткізетін. Қазір ғарыштағы емес, Жердегі кез келген тұрғын екінші нүктедегі адаммен видео арқылы сөйлесе алады, бұған Skype, Facetime, imo секілді бағдарламалар мүмкіндік беріп отыр. 

3D-принтер 

7Кез келген затты тез әрі оңай табу үшін қаһармандар репликторды пайдаланған. Бұл ғарыш кемесінің бортында су, ауа, азық-түлік секілді маңызды дүниелермен жабдықтап отырды. Кейін кеме бөлшектеріне, тұрмыстық техникаға пайдаланып жүрді. Ал қазіргі таңда дамыған елдер 3D-принтер арқылы үй де тұрғызып жатыр. 

Bluetooth-гарнитура 

Фильмде байланыс офицері Нийота Ухура экипаж мүшелерімен сымсыз құлаққаппен сөйлесіп жүретін. Қазір байланыс құралына айналған сымсыз құлаққап шындыққа айналды.

Ойлап қарасаңыз, 50 жыл бұрын болжанған техникалар қазіргі тұрғындардың қолданысында жүр. Кеше жарық көрген фильмде ендігі 50 жылда қолданылатын құрылғыларды назардан тыс қалдырмаңыз.

Г. Берік