«iPhone 7» және «iPhone 7 Pro» смартфондары қандай болады?

«iPhone 7» және «iPhone 7 Pro» смартфондары қандай болады?
Фото: plus.google.com

Францияның «Nowhereelse» блогында «Apple» компаниясының жаңа өнімі саналып отырған «iPhone 7» және «iPhone 7 Pro» смартфондарының суреті жарияланды. Ал бұл компанияның өнімін сатып алушылар үшін жаңа смартфондардың қандай болатыны қызықты болып отыр.

«Apple» компаниясының жаңа өнімдері қыркүйек айында ресми түрде таныстырылады деп күтілуде. Ал «iPhone 7» және «iPhone 7 Pro» смартфондарының сипаттамасы әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

Француз блогында жарияланған ақпаратта жаңа смартфондардың дизаины қандай болатыны көрсетілген. «iPhone 7» смартфонында негізгі обьективі үлкейтілгені байқалса, «iPhone 7 Pro» смартфонында қосарланған камера бары көрсетілген. 

О. Сансызбай