Төтенше жағдайда "көмек шақыратын" сақина

Төтенше жағдайда "көмек шақыратын" сақина
Фото: vc.ru

Қауіпсіздік жөніндегі сұрақтар көп адамды ойландырады. Төтенше жағдайда қалтадан ұялы телефонды алып, керек адамның немесе құтқару қызметінің нөмірін теруге уақыт бола бермейді. Сондай жағдайға өндірушілер Nimb сақина түріндегі гаждетін ойлап тапқан. Nimb сақинасындағы бір батырманы басып, жергілікті құқық қорғаушы органдармен және өзіңіз белгілеп қойған адамдармен байланысуға болады.

Nimb сақинасы сізге «қажетті» адамдармен байланысып қана қоймай, оған дабыл түскен жерден сіздің GPS-координатаңызды жібереді. Сақинадағы батырманы байқаусызда (қайта-қайта алдамшы шақырту жасамас үшін) басып жіберу мүмкін емес. Тұтынушы сақинадағы батырманы білдіртпей басып, үш секунд бойы ұстап тұруы қажет.

Адамның орналасқан жері нақты (реальный) уақытпен анықталатын болады. Егер адамды ұрлап, көлікпен алып кетсе де оның барлығы картада көрініп тұрады. Nimb сақинасы смартфонның көмегімен барлық мүмкін дәлелдерді жинап отырады. Мысалы: дауыс жазып алу.

Әзірге сақинаның дизайны әйел адамдарға сәйкес келеді, алайда болашақта өндірушілер сақинаның ер адамдарға да сай түрін шығаруы әбден мүмкін. Қазіргі кезде бұл жоба АҚШ-та ғана жұмыс істейді, бірақ уақыт өте басқа да мемлекеттердің барлық аймақтарына икемделеді деп жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде Nimb сақинасын өндірушілер өнімді шығаруға қаражат жинап жатыр. Гаджеттің бағасы қаражат жинау кезінде 75 долларға (шамамен 25 200 теңге) сатылса, кейін дүкенде 150 долларға (шамамен 50 400 теңге) сатылады.

А. Жапатова