Қытайда ең мықты суперкомпьютер өңделді

Қытайда ең мықты суперкомпьютер өңделді
Фото: www.japantimes.co.jp

Қытайда жаңа суперкомпьютер өңделді. Ол қазіргі кезде планетадағы ең мықты компьютер болып табылады. Sunway TaihuLight атауын алған ол әлемдік кестедегі басқа қытай суперкомпьютерінің орнын басты. Иә, екінші орынға түскен суперкомпьютер де Қытайда жасалған болатын, алайда ол америкалық Intel компаниясының процессорларымен жабдықталды.

Жаңа суперкомпьютер Қытайда өңделген жаңа чиптерді қолданған, сондықтан ол өңірдің халқы алғашқы отандық суперкомпьютерімен мақтануға құқылы. Суперкомпьютердің өнімділігі 93 петафлопсты құрайды. Бұл секундына 91 квадриллион есептеулер орындай алады деген сөз. Рейтингке әлемнің 500 суперкомпьютері енгізілген. Жаңа Sunway TaihuLight компьютері олардың жалпы қуатының 16 пайызын береді. Әсерлі мүмкіндіктеріне қарамастан, компьютер аз энергия қолданады.

Жаңа Sunway TaihuLight компьютерінің пайда болуымен қатар Қытай суперкомпьютерлер санымен де алғашқы орынға ие болды. Олардың саны Қытайда 167 болса, АҚШ-тың 165 компьютері рейтингке енген.

А. Жапатова