Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / "Жүгіретін жолы" бар велосипед

"Жүгіретін жолы" бар велосипед

«Жүгіретін жолы» бар электрлік велосипед — денсаулығына аса күтіммен қарайтын адамдар үшін өте пайдалы көлік. Жыл өткен сайын өнертапқыштар қиялы шексіз екенін дәлелдеп келеді. Бұл өнертапқыштардың кезекті туындысы  орныңыздан қозғалу үшін жүруді қажет етеді. Lopifit атауын алған өнертабыс әлемдегі алғашқы «жаяу жүретін велосипед» болып отыр.

Қай жағынан қарасақ та, бұл концепция дәстүрлі велосипедті басқаша ойлап шығару болғандықтан, әлемдегі электрлік велосипедтер арасынан нағыз төңкеріс тудыратын жаңалық деп ойламаймыз. Бір қарағанда Lopifit велосипед пен жүгіретін жолдың (беговая дорожка) қосындысы болып қана көрінеді. Өндірушілердің айтуынша, Lopifit — жүгіретін жолдағы жаттығулардың барлық артықшылықтарын алумен қатар, ашық ауада жаттығуға керемет мүмкіндік сыйлайды.

Бұл электрлік велосипедке техникалық жағынан қарасақ, құрылғы Quantum электр қозғалтқышымен жасақталған. Соның көмегімен жүгіретін жолда жүру арқылы велосипед орнынан қозғалады. Осы әдіспен қарапайым велосипедке қарағанда 4 есе артық жылдамдықпен жүруге болады. Егер адам қандай да бір баурайдан төмен түсетін болса, автоматты түрде тежегіш және жантаю функциясы қосылып, қозғалтқыш толықтай сөніп қалады. Lopifit қорында 55 км жүріс, жүк қондырмасы, жарықдиодты шамы және батарея көрсеткіші бар. Ол 6 түрлі түсте сатылады.

Мына бейне роликтен Lopifit велосипеді туралы қысқаша ақпарат ала аласыздар.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: jornalistasquecorrem.com.br
Қосылған күні: 25 мамыр 2016, 13:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.