Кәсіби лайтбоксты үй жағдайында жасау әдісі

Кәсіби лайтбоксты үй жағдайында жасау әдісі
Фото: diy.ru

"Заманың түлкі болса, тазы болып шал" деген мақал бүгінгі күнге айтылса керек. Жаһандану кезеңінде техниканың көптеген жаңа түрлері жарыққа шығып, адамға ыңғайлы әрі қолайлы болуына жағдай жасалған. Әрине, барлық техниканы дерлік өз еншіңе алып пайдалану мүмкін емес. Олардың қымбаттығынан әрі кейбір түрі тек алыс-жақын шетелдерде ғана сатылғандықтан барлық адамға жаңа дүниені пайдалану мүмкін емес. Сондықтан арнайы корпорациялар мен компанияладың білікті мамандарынан бөлек, өз бетімен жасап шығаратын жандар да кездеседі. Тұрмыстық заттарды пайдалану арқылы жасалған дүниені кез келген адам оңай жасап, артық шығын төлемейді. Сондай керемет дүниенің бірін үй жағдайында қалай жасауға болатындығын назарларыңызға ұсынамыз.

Арнайы фото түсіру кезінде ең керекті құралдардың бірі лайтбокс болып саналады. Кішкентай бұйымдарды, әшекей заттарды, кәдесыйларды қалыпты жағдайда көңіліңізден шығатындай суретке түсіру үшін лайтбокстың пайдасы мол. Мұның тағы бір артықшылығы ақ түсті бетте тұрған затты өңдеу кезінде де қатты қиындық келтіре қоймайды. Картон қағазы, қайшы, ақ қағаздар мен жапсырманың көмегімен жасалатын лайтбокстың оңай әрі жылдам қалай жасалатынын назарларыңызға ұсынамыз. 

B. ZHAQSYMBET