Жалқаулық – прогрестің қозғаушы күші

Жалқаулық – прогрестің қозғаушы күші
Фото: apsredes.org

Мыңдаған жыл бойы адамдар тысқа шығып, бұлшық еттеріне артық күш түсіруден қашып келеді. Мысырлықтар бұл мәселеден құтылу үшін құлдарды пайдаланды. Алайда наразылық білдіріп, құлдардың арасынан да қашып кететіндер болды. Еуропалықтар өндірістік революция алып келді. Сонда да көлікке отырып, тетікті басып, рөлді бұрау керек болды. Бірақ ғалымдар берілмейді, өз мақсаттарына берік. Олар әрқашан бірдеңе ойлап табуға тырысады. Бастысы, адамдар орнынан тұрмай, қолы үнемі бос отыру үшін барлығын істеп жатыр. Нәтижесінде, олар қандай жетістікке жетті?

Жаттығудың тиімділігіне ұқсататын дәрі

Ғалымдар адам жаттығу жасаған кезінде денеден шығатын сигналдарға талдау жасады. Олар сол ақпарат негізінде жаттығу жасағанда денеміз не істейтінін сызбаға түсіріп, сол істі дәрінің көмегімен жасауға болатындай етуге тырысты. Әзірге "жаттығуға арналған дәрінің" ең сәттісі "14 қоспа" атты жасанды молекула болды. Дәрі сізді марафон жүгіріп келіп, денеңіз шаршап тұрғандай етіп алдайды. Ағза әлсіреп, метаболизмді тарқатып, арықтауға көмектеседі.

Өтпе дүкендері

Қазіргі супермаркеттерде адамдар алған азық-түлігін арбамен тасып жүреді. Алайда ғалымдар ол жерден тоқтап қалмайды. Ресей өндірушісі азық-түлік дүкенінің қасынан жол жүріп өту идеясын патенттеп алды. Идея әр тағамды айналмалы белдікке орналастырып қоюға негізделген. Көлікті тоқтатып, бірнеше тетікті басып, қалаған азық-түлікті алуға болатындай етіп жоспарлады. Жоспар бойынша, мұндай дүкен өте ыңғайлы болады. Сол кезде орныңнан тұрудың қажеті болмайды. Болашақта өтпе дүкендері кеңінен таралуы әбден мүмкін.

Тамақ пісіретін роботтар

Кез келген тамақты пісіре алатын роботтандырылған манипуляторлар жасайтын компаниялар бар. Инженерлер манипуляторларды кәсіби шеф-аспазшылардың қозғалысымен үйреткен. Сізге қозғалудың қажеті жоқ. Манипуляторлар iPhone көмегімен басқарылады. Кодты тересіз, сіз қалаған тағам дайын. Әзірге робот-аспазшылар 2000 тағам түрін дайындай алады. Алайда болашақта тізім қатары өсуі әбден мүмкін. 

Үй жануарларымен ойнайтын машина

Итіңіз ойнағысы келеді, бірақ сіз орныңыздан тұруға ерініп жатсаңыз, ғалымдар оның да шешімін тапты. Итіңіз машинамен ойнаса болады. Өндірушілер үй жануарларына шарик лақтыратын машина ойлап тапты. Оны қазір де сатып алуға болады. Машина шариктерді күні бойы лақтырып тұра алады. 

Күнге ұқсастық беретін шам

Адамзаттың қалыпты өмір сүруі үшін міндетті түрде күннің көзі қажет. Ғалымдар оның да алдын алып қойды. Олар күннің көзінен кем түспейтін, толық спектрлі шамдар ойлап тапты. Өндірушілердің айтуынша, бұл шамдар табиғиға жақын сәуле таратып, адамдардың көзін сақтап қалуға көмектеседі. Сонымен қатар, олар күннің көзі секілді ультракүлгін сәулелер шығарады. Толық спектрлі шамдардың психологиялық артықшылығы бар: табиғи жарықтың астында отырғандай өзіңізді бақытты сезінетін боласыз. Басқаша айтқанда, егер сіз далада жиі жүруді қалайтын адам болсаңыз ғана жасанды жарығы бар шамдар сізді бақытты етеді.

Өздігінен қозғалатын жиһаз

Стэнфорд университетінің ғалымдары сіздің бұйрығыңызбен қозғалатын жиһаздар жинағын ойлап тапты.  Өндірушілер қозғалатын жастықты тақтай төсек (кушетка), өздігінен жиналатын үстел және қоқыс іздеп, жинап жүретін себет жасады. Сіз отырғанда аяғыңыздың астына келіп тұратын сүйемел жиһазды да ойлап тапты.

Семіздіктен құтқаратын фермент

Жаңа ғылыми жаңалықтың көмегімен уақыт өте қанша тәтті жесе де, артық салмақ туралы уайымдамай-ақ қоюға болады. Жақында ғалымдар май түріндегі қантты қыртыстарды жоятын фермент тапты. G3PP ферменті қанттың жиналып, майға айналуының орнына оны глицеринге айналдырып жібереді. Ал глецирин денеге жиналмайды, жеңіл сыртқа шығып кетеді. G3PP ферменті, сонымен қатар, қантты зиянсыз қылады. Қант мөлшерінің көп болуы диабетке әкелетінін білеміз. Бірақ болашақта тәтті тағамдар пайдалы көкөніске айналуы мүмкін. 

А. Жапатова