Бүгін - «YouTube» видеосервисі құрылған күн

Бүгін - «YouTube» видеосервисі құрылған күн
Фото: kaztv.kaztrk.kz

Осыдан 11 жыл бұрын, 14 ақпанда «YouTube» видеосервисі құрылды.

Жобаның негізін АҚШ-тың Калифорния штаты, Сан-Бруно қаласындағы «PayPal» компаниясының бұрынғы қызметкерлері С.Чен, Ч.Херли, Д.Карим қалаған. Олар берілетін бейнефайлдар көлемінің төмендігіне қарамастан, жазбаның сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video технологиясын қолданды.

Ондағы бейнежазбаларға пікір білдіру, көру және көшіру мүмкіндігіне кез келген қолданушы ие. Осылайша, қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында «YouTube» танымал видеохостингке айналды. Қазіргі кезде қолданушылар саны бойынша әлемдегі үшінші сайт.

Ең алғашқы видео 2005 жылдың 23 сәуірінде жүктелді. Ол сервистің негізін қалаушылардың бірі, америкалықДжавед Каримнің Сан-Диего зообағында түсірген 18 секундтық әуесқой бейнежазбасы.

«YouTube» сервисін 2006 жылдың қарашасында «Google» компаниясы сатып алды. Қазіргі уақытта Google Inc.компаниясының еншілес ұйымы. 

Дереккөз: kaztv.kaztrk.kz

Г. Берік