Жаңа «iPhone» мен «iPad» таныстырылатын уақыт белгілі болды

Жаңа «iPhone» мен «iPad» таныстырылатын уақыт белгілі болды
Фото: bt.dk

«Apple» компаниясы жаңа «iPhone» смартфоны мен «iPad» планшетін 15 наурызда таныстыратын болды. Сондай-ақ «Apple Watch» сағатының жаңартулары туралы айтады.

Ғаламтор беттерінде жаңа «iPhone 5e» туралы ақпараттар жарияланып үлгерді. Алайда компания жаңа гаджеттердің мүмкіндіктерін 15 наурызға дейін құпия сақтайтын болады. Ал жаңа планшет туралы ақпарат жоқтың қасы. Кей бейресми деректер бойынша, планшет төрт динамикпен жабдықталған болады.

Айта кетейік, «Apple» «iPad» гаджетін соңғы рет 2014 жылы жаңартып, Air 2 моделін сол жылы қазан айында таныстырған болатын. Кейін компания "iPad Pro"-ны шығарды.

Ө. Сансызбай