«Kingston» пернетақтасы бар флешка шығарды

«Kingston» пернетақтасы бар флешка шығарды
Фото: reimarufiles.com

«Kingston» компаниясы ақпаратты құпия сақтауға қолайлы пернетақтасы бар «Kingston DataTraveler 2000» флешкасын шығарды. Пернетақта арқылы флешкаға құпиясөз қоюға болады.

Флешка сыртындағы пернетақта әріп және сандардан тұрады. Оның көмегі арқылы түрлі PIN-код қоюға болады екен. Компьютерге немесе ноутбукке флешканы салғанда сол құпиясөзді теру арқылы ғана кіре алатын боласыз. Ал суырғанда автоматты түрде құпиясөз сақталып қалады. Егер құпиясөзді теруде 10 рет қателесетін болсаңыз, ішіндегі бар ақпарат қайтарылымсыз жойылып кетеді екен.

Флешка алюминиймен қапталған. Су мен шаң өткізбейді. «Kingston DataTraveler 2000» флешкасының алғашқылары 16, 32 және 64 ГБ жады бойынша шығады. Ал сатылымға көктемге дейін шықпақ. 

Ө. Сансызбай