100 квадрокоптер әуеде жанды

100 квадрокоптер әуеде жанды
Фото: mhealth.ru

Германияның Торнеш қаласында, нақтырақ айтсақ, аталған қаланың әуежайында таңғаларлық шоу өткен. Гиннес Рекордтар кітабына енген бұл жағдай технология мен өнердің – музыканың бірігуінен құралған.

Ұйымдастырушылар қас қарайған шақта көкке 100 шақты жарықтандырғыш квадрокоптерді ұшырған. Ал жерде бір топ оркестр аспаптарымен жиналып, Бетховеннің шығармаларын орындаған. Шығарма ырғағына қарай квадрокоптерлер әртүрлі түске еніп, түнгі аспанда әдемі композиция орындаған. Квадрокоптерлердің әрқайсысы компьютерге сымсыз жалғанып тұрған. Техникалық басқарушылар алыстан квадрокоптерлерді басқарып отырған. 

Г. Берік