​Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсынды

​Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсынды
Фото: www.wareable.com

Samsung компаниясы күн өткен сайын сан түрлі гаджеттерді жұрт назарына ұсынуда. Бірақ оның ең соңғы құрылғысы бұрынғыларынан ерекшеленеді. Дәлірек айтсақ, бұл шалбарға тағылатын «ақылды белдік», − деп хабарлайды 24 kz.

Бір қызығы, бұл белдік иесінің белінің неше сантиметр екендігін өлшеп, ол жүрген кезде қадамдары мен сол жүруге кеткен уақытты есептеп тіркейді. Сондай-ақ, бұл белдікті таққан адам қанша уақытты қимыл-қозғалыссыз өткізгенін де біле алады. Мұнымен қоса, гаджет адамның қанша тамақ жегенін де қадағалайды. Белдікке түскен барлық ақпарат смартфондағы арнайы қосымша арқылы онымен сәйкестендірілу арқылы оқылады. Мамандардың айтуынша, бұл белдік салауатты өмір салтын ұстанушылар мен денсаулығын күтіп қарайтын жандар үшін таптырмайтын гаджет болады.

 

С. Ерсін