«Samsung» жаңа «Galaxy A9» смартфонын таныстырды

«Samsung» жаңа «Galaxy A9» смартфонын таныстырды
Фото: ferra.ru

Оңтүстік Кореяның танымал «Samsung» компаниясы жаңа смартфонын шығарды. «Samsung Galaxy A9» деп аталатын жаңа байланыс құралы «аспан асты елінде» таныстырылды.

Жаңа смартфон «Galaxy A» топтамасы бойынша шыққан. Смартфон 6 дюймді құрайтын Super AMOLED дисплейімен жабдықталған, ал жақындату мүмкіндігі 1920-дан 1080 пикселге (Full HD) дейінгі аралықты қамтиды. Сондай-ақ, «Android 5.1.1 Lollipop» операциялық жүйесі негізінде жұмыс жасайды. Негізгі бейнекамерасы 13 мегапиксельді құраса, алдыңғы камерасы 8 мегапиксельді құрайды.

«Samsung Galaxy A9» смартфоны сегіз ядролы «Qualcomm Snapdragon 652» процессорымен жабдықталған. Негізгі жады 3 ГБ болса, қосымша 128 ГБ-қа дейінгі microSD флэшка салуға болады. Ал басқа техникалық мүмкіндіктері туралы әзірге ақпарат жоқ. Өнімнің бағасы мен нарыққа шығарылатын уақыты да белгісіз.  

Ө. Сансызбай