Ғарыш стансасында алғаш рет гүл өсірілді

Ғарыш стансасында алғаш рет гүл өсірілді
Фото: brainberries.co

Халықаралық ғарыш стансасында Жаңа жыл қарсаңында гүлдер өркен жайып қалуы ғажап емес. Сөйтіп, ғарышкерлер келер жылды хош иісті гүлдермен қарсы алуы мүмкін.

Сөздеріміз дәлелді болуы үшін экипаж құрамындағы америкалық Челл Линдгреннің іске асырып жатқан VEGGIE жобасын атап өтейік. Ғарышкер жоба аясында үлпек гүлдерді өсірумен айналысуда. Егер бәрі ойдағыдай болса, ғарыш стансасындағы алғашқы гүлзар Жаңа жыл қарсаңында пайда болады. Линдгреннің айтуынша, тепе-теңсіздік жағдайда гүл өсіру - өте қиын шаруа. Себебі отырғызылған гүл тұқымы жетіліп кетуі үшін оның айналасын дұрыс жарықтандырып, суара білу керек.

Жалпы VEGGIE жүйесі - бұл микротолқынды пеш мөлшерлес шағын бақша. ХҒС экипажы бұл жерде өздерін азық-түлікпен қосымша қамтамасыз етіп, көкөністер өсіруді көздеуде.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы