Әлемдегі ең жеңіл велосипед

Әлемдегі ең жеңіл велосипед

Алдыңғы бір жазбамыздан жиналғанда қолшатырдай көлемге ие болатын велосипед туралы оқып білген едіңіздер. Ал бүгін әлемдегі ең жеңіл велосипед түрімен таныс боласыздар. Бұл велосипедтің салмағы бар болғаны 2 килограмм 700 грамм. Себебі, оның барлық бөлшектері полимерлі көміртек талшықтарынан жасалған.

Көміртек талшықтары өте жеңіл әрі беріктігі аса жоғары екенін бүгінгі тәжірибе дәлелдеді. Әрі қарапайым велосипедтің өзіне тән максимальды жылдамдығымен де жүре алады. Ал бағасы салмағынан әлдеқайда ауыр  − 45 мың АҚШ доллары.

Бұл өнертабысты АҚШ-тың Аризона штатына қарасты Тусон қаласындағы Fairwheel Bikes компаниясы шығарады. Оны құрастырған Джейсон Возниктің айтуы бойынша, велосипедті көп таралыммен шығарғысы келеді екен. Алайда, ерекшелігімен дараланған «шайтан арба» өз қасиетімен дара болып қалуы керек дейді.

Алғашқыда бұл қаңбақтай велосипедтің салмағы 2 кг. 960 граммды құраған екен. Бірақ, біраз өзгертулер енгізген соң, салмағы 200 граммға азайған...

Сурет: vk.com

Е. Жұмабайұлы