Смартфонды автокөлікте басқару құрылғысы жасалды (видео)

Смартфонды автокөлікте басқару құрылғысы жасалды (видео)

Ақылды Аura құрылғысы Android смартфоны арқылы қолмен баспай-ақ суретке түсіруге, сөйлесуге, хат жазуға мүмкіндік жасайды. Қашықтықтан сымсыз басқару үшін арнайы пульті бар. Автокөлікте келе жатқан кезде алаңсыз отыру үшін тиімді әрі оңай. Бір батырманы бассаңыз болғаны, Аura құрылғысы Google Voice бағдарламасының көмегімен, берген бұйрығыңызды орындауға кіріседі.

Содай-ақ жүргізушіге кез келген мәтінді үн шығару арқылы оқып бере алады. Барлық қоңырауларды дауыс ұлғайтқыштың көмегімен автоматты түрде қабылдап отырады. Док-станция смартфоныңызды жәй ұстап тұрмай, қуаттағыш ретінде де қызмет атқарады.

Бір өкініштісі, құрылғы әлі сатылымға шықпады. MightyCarma компаниясы шамамен 79 000 АҚШ долларын құрайтын табыс табамыз деп жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде алғашқы шығарылымынан 4 000 доллардай ақша жиналған. Бағасы $80 тұрады. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: 4pda.ru

Ш. Талап