Электронды құрылғыларды қол тигізбей басқару

Электронды құрылғыларды қол тигізбей басқару

Барселонада өткен Mobile World Congress көрмесінде Thalmic Labs компаниясы өзінің жасап шығарған инновациялық білезігін таныстырды. Оның көмегімен IOS, Android секілді электрондық құрылғыларды басқаруға болады.


Гаджетті пайдаланып қолыңызды пернетақтаға тигізбей сермесеңіз болғаны бұйрық қашықтықтан орындалады. Телекинезді еске түсіреді. Ешқандай таңғажайып жоқ, МҮО адам бұлшық еттері қимылының электрлік импульстерін жадына сақтап алады да компьютерге түсінікті бұйрықтар етіп көшіреді.

  

Білезік құрастырушыларының айтуынша, «әрбір саусақтың қимылын жеке-жеке анықтай алады, мұнымен қатар қолдың жан-жаққа бағытталған қозғалыстарын да бір-бірінен ажырата алады". Сұраныстарға ие болып жатса, 2013 жылдың аяғында тапсырыстарды өңдей бастайтындығын да айтып өтті.


Гаджет операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс істейтін Windows және Mac OS секілді құрылғыларымен пара-пар. Қолданушылар IOS, Android мобильдік құрылғыларына орната алуы үшін компания API шығарды. Білезіктің бағасы 149 доллар тұрады. Тапсырысты ресми сайт арқылы беруге болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: votpochemy.com

Қ. Бүйенбай