"Жарайсың, Гена!" Головкин Чемпиондық атағын қорғап қалды

"Жарайсың, Гена!" Головкин Чемпиондық атағын қорғап қалды

Кәсіпқой бокста өнер көрсететін отандасымыз Геннадий Головкин өзінің кезекті кездесуін жапондық былғары қолғап шебері Нобухиро Ишидаға қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында нокаутпен жеңіске жетті.

Монаконың Монте-Карло қаласында өткен бұл кездесуде орта салмақтағы IBO және WBA тұжырымындағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен 37 жастағы орта салмақтың уақытша чемпионы Нобухиро Ишидамен жұдырықтасқан болатын.

Қос боксшы да кездесудің бірінші бөлігін бір-бірлерінің осал тұстарын іздеп, барлаумен өткізді. Екінші раундтан бастап Генаның қарқыны үдей түсті. Ол жапондық боксшыға бірнеше жойқын соққыларын да өткізді. Дегенмен, тәжірибелі боксшы екінші раундты әупірімдеп жүріп аяқтады. Ал үшінші кезеңде қазақстандық былғары қолғап шеберінің басымдылығы айқын көрінді. Генаның оң қолмен жұмсаған жойқын соққысы Ишиданы есінен тандырды. Есін жинай алмаған жапон шаршы алаңның арқанынан асып түсіп, тура қазылардың алдына құлады. Дәрігерлер мен техникалық топ көмекке келген соң, есін жиған жапондыққа жеңілісті мойындаудан басқа амал қалмап еді.

Кездесу аяқталған соң Головкин алғы сөзіне былай дейді: «Маған бұл қала мен ел ұнайды. Барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз. Әрине, мен Ишиданы жеңгеніме өте қуаныштымын. Нобухироға менімен жұдырықтасқаны үшін алғысымды айтамын».

Айта кетейік, бұл Геннадий Головкиннің кәсіпқой босктағы 26-шы жеңісі. Оның 23-ін Гена таза нокаутпен жеңген. Енді Головкиннің промоутерлерінің айтуынша, ол кезекті кездесуін 2013 жылдың шілдесінде өткізеді.



Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН